Зарифтің Мәскеу сапарын сараптау
https://itolqyn.com/news/world-i36554-Зарифтің_Мәскеу_сапарын_сараптау
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Иран, Ресей және Түркия СІМ-лерінің үшжақты отырысына қатысу үшін сенбі күні таңертең Мәскеуге аттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 28, 2018 18:30 Asia/Almaty
  • Зарифтің Мәскеу сапарын сараптау

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Иран, Ресей және Түркия СІМ-лерінің үшжақты отырысына қатысу үшін сенбі күні таңертең Мәскеуге аттанды.

Бір күндік отырыста Сириядағы атысты тоқтату бітімі, Астана келіссөздері мен Сириядағы соңғы өзгерістер секілді мәселелер талқыланатын болады. Астана келіссөздері 2017 жылы қаңтардан бастап, ИИР және Ресейдің бастамасы, Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында басталды. Иран, Ресей және Түркияның талпыныстарының арқасында "Астана бейбітшілік келіссөздері" атты үдеріс қалыптасып, сол келіссөздер аясында Сирия дағдарысын шешу жолында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израильдің лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп, Сирия жүйесін өзгертуді көздеп, бірақ бұл қастандық әрекеттің ДАИШ-тың жеңіліс табуымен сәтсіздікке ұшыраған жағдайда орын алып отыр. Теһран, Мәскеу және Анкараның бастамасы жеті жыл соғыс пен жермен-жексен болудан кейін екі стратегиялық мақсатты, яғни ДАИШ-пен күрес және Сирияда ұлттық сұхбаттарға негізді жүзеге асырды. Бұл келіссөздердің стратегиялық құндылығы Сирия дағдарысын шешу мақсатында бар назарды аймақшылдыққа шоғырландыру саналады.

Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Сергей Бабурин былай дейді: "Бүгінде лаңкестердің Сириядағы позицияларынан айрылуы Мәскеу, Теһран және белгілі бір дәрежеде Анкараның талпыныстарының нәтижесі саналады".

Бұл тұрғыдан үш елдің Сириядағы өзгерістерге қатысты алаңдаушылығын ДАИШ-тан кейінгі аймақта Батыс елдері әскери ықпалының етек жаюына қатысты ортақ алаңдаушылық санаған жөн. Табиғи түрде ДАИШ-тан кейінгі кезеңдегі стратегиялар өзгеріске ұшырауы мүмкін. АҚШ Сирияның солтүстігінде әскерилерін орналастыруды қалайды. Түркия болса, ДАИШ-тан кейінгі кезеңде өзінің Сирияға қарсы саясаттарын әзірлеуде. Осы арада Түркия үшін маңызға ие нәрсе ол бұл елдің Сириямен арадағы ұзақ шекараларындағы қауіпсіздік саналады.

Сонымен қатар Сириядағы өзгерістер Иран, Ресей және Түркияның аймақтық және халықаралық өзгерістерге қатысты ортақ тұстары мен көзқарастарының бірігуі үшін қолайлы негіз тудырды. Бұл үш елдің әрқайсысы түрлі тарихи, геосаяси себептер мен өздерінің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында лаңкестердің ықпалының артуына қарсы болып отыр. Лаңкестер АҚШ-тың араласушылық әрекеттері және сионистердің рөл атқаруымен аймақты географиялық тұрғыдан бөлшектену қаупіне ұшыратты.

Ресей Ғылым академиясының Таяу Шығыс істері институтының маманы Елена Дунаева: "Иран, Ресей және Түркия Сирияда бейбітшілік орнатуда елеулі рөл атқарды. Олардың Астана бейбітшілік келіссөздерінің бірінші отырысы өткізілген кезден соңғы бір жыл ішіндегі талпыныстары жемісін берді.

Сирия қазіргі таңда сезімтал әрі маңызды кезеңге аяқ басты. Сондықтан бұрын-соңды болмаған деңгейде өз достарының көмегіне мұқтаж екендігін сезіп отыр",- деді.

Бүгінде Иран, Ресей және Түркия Астана бейбітшілік келіссөздерін қолдаушы мемлекеттер ретінде Сирияда бейбітшілікті орнатуда теріске шығаруға келмейтіндей маңызды рөл атқарғанын кесіп айтуға болады.

БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура өткен аптада: "Сочи отырысы Сирия келіссөздері үшін құрылған керемет жоспар саналады. Сондықтан оны толық жүзеге асыру үшін жағдай жасауға көмектесу қажет",- деп мәлімдеді.

Сол себепті осы үш мемлекеттің әрқайсысының және БҰҰ-ның Астана келіссөздерінің мақсаттарын толығымен жүзеге асыру үшін осы бағыттағы талпыныстарды жалғастыруды қолдауы үшін ақылға қонымды себептер бар.