НАТО-ның бас хатшысы «Ортақ қадам» туралы ұстанымын мәлімдеді
НАТО-ның бас хатшысы барлық тараптардан «Ортақ қадам» келісіміне берік болуды сұрады.
IRNА-ның мәліметіне сәйкес, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг аймақ мәселелері мен Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында емес екенін мәлімдеді.
Столтенберг жұма күнгі Брюссельдегі НАТО СІМ-нің отырысынан кейін өткен хабар конференциясында Арабстанның «ал-Арабия» арнасы тілшісінің «Ортақ қадам» бағдарламасын басқа бір келісіммен толықтыру ықтималы туралы уәжіне НАТО-ның тек «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыруды қолдайтынын айтты.
Йенс Столтенберг «Ортақ қадам» келісімін толық орындауды қуаттап, НАТО-ның бұл мәселеге төрелік етпейтінін, мұның АҚХА-нің міндеті екенін айтып, НАТО-ның Ресеймен сұхбаттасуға да әзірлігін мәлімдеді.