Зариф: Сирияның аумақтық тұтастығына шабуыл жасау арқылы саяси шешім жолына жету мүмкін емес
(last modified Sun, 29 Apr 2018 08:18:05 GMT )
Сәу 29, 2018 14:18 Asia/Almaty
  • Зариф: Сирияның аумақтық тұтастығына шабуыл жасау арқылы саяси шешім жолына жету мүмкін емес

Иран Сыртқы істер министрі: «Сирияның егемендігін бұзып, аумақтық тұтастығына шабуыл жасау, саяси үдеріске қысым жасау үшін әртүрлі сылтауларды пайдалану немесе соғысқұмарлық сипаттағы уәждер айту арқылы саяси шешім жолына жету мүмкін емес»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Сирияның егемендігін бұзып, аумақтық тұтастығына шабуыл жасау, саяси үдеріске қысым жасау үшін әртүрлі сылтауларды пайдалану немесе соғысқұмарлық сипаттағы уәж айту арқылы саяси шешім жолына жету мүмкін емес»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні  Мәскеуде Ресей мен Түркия Сыртқы істер министрлерімен Сирияға қатысты үшжақты отырыс аяқталғаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында әскери мақсаттарды келіссөздер үстелі басында нәтижеге жеткізуге болмайтынын баршаның қабылдауы керектігін айтып: «Әлемдік қауымдастық осындай жағдайда Сирия халқына осы елді қайта жөндеуге көмектесуге асығуы керек, бірақ қайта жөндеуді саяси талаптарды таңу әрекетіне айналдырмауы тиіс. Теһран, Мәскеу мен Анкараның Астана келіссөздері басталғаннан бергі жалғыз мақсаты Сирияда соғыс салдарынан туындаған шығындарды азайту және Сирия үкіметі мен наразыларды бейбіт шешім жолын табуға ынталандыру болды. Сирияда өте қауіпті соғыс жүріп, тәкфирлік лаңкестер бұл елде болған 7 жылдың ішінде осы келіссөздер Сирияға аз да болса тыныштық әкелген жалғыз үдеріс болды»,-деді.   

 

Тегтер