Зариф: Астана үдерісі – Сирияда бейбітшілік орната алатын жалғыз әрекет
https://itolqyn.com/news/world-i36572-Зариф_Астана_үдерісі_Сирияда_бейбітшілік_орната_алатын_жалғыз_әрекет
ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні кешке Мәскеуде Ресей мен Түркияның Сыртқы істер министрлерімен өткен ортақ баспасөз конференциясында: «Қазіргі таңда Астана үдерісі – БҰҰ және басқа да ұйымдармен әріптесе отырып, Сирияда әділ әрі тұрақты бейбітшілік орната алатын жалғыз әрекет»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 29, 2018 14:35 Asia/Almaty
  • Зариф:  Астана үдерісі – Сирияда бейбітшілік орната алатын жалғыз әрекет

ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні кешке Мәскеуде Ресей мен Түркияның Сыртқы істер министрлерімен өткен ортақ баспасөз конференциясында: «Қазіргі таңда Астана үдерісі – БҰҰ және басқа да ұйымдармен әріптесе отырып, Сирияда әділ әрі тұрақты бейбітшілік орната алатын жалғыз әрекет»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф халықаралық қауымдастықтың Астана үдерісі мен Сочи саммитының шешімдері негізінде саяси шешім жолдарына жетуді қолдауы қажеттігін айтып: «Сирия дағдарысы саяси жолмен ғана шешіледі. «Астана үдерісін елбасшылары және Сыртқы істер министрлері деңгейінде кепілдендіретін үш ел әрдайым Сирияның егемендігін, аумақтық тұтастығын және саяси тәуелсіздігін сақтау сияқты ортақ принциптер мен осы елдің дағдарысын саяси жолмен тез арада шешуді қолдап келеді»,-деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Ресей, Иран мен Түркияның Сирияны бөлшектеуге бағытталған талпыныстарды қабылдауға келмейтінін баса айтып отырғанын мәлімдеді.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы да Астана үдерісінің Сирия дағдарысын шешуге бағытталған әлемдегі ең сәтті халықаралық бастама екенін айтып, Ресей, Иран мен Түркияның Астана үдерісі аясында өзара белсенді әріптестік  жасап келе жатқанын қуаттады.