Ресей Тәжікстан мен Қырғызстанда әскери құзырын нығайтады
(last modified Sun, 29 Apr 2018 15:27:05 GMT )
Сәу 29, 2018 21:27 Asia/Almaty
  • Ресей Тәжікстан мен Қырғызстанда әскери құзырын нығайтады

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ДАИШ лаңкестері ықпалының алдын алу үшін Ресейдің Тәжікстан мен Қырғызстанда өз әскери базаларын нығайтып жатқанын хабарлап:

"ДАИШ мүшелері Ауғанстан арқылы Орта Азия елдеріне ықпал етуге талпыныстарын арттырып отыр. Мәскеу ДАИШ лаңкестерінің Ресейдің одақтастарына қарсы әрекеттерінің алдын алу үшін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы аясында шара қолданды. Ресейдің Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базаларын нығайтуы – осындай шаралардың бірі",-деді.

Ресей Сыртқы істер министрі де осыдан бұрын Ауғанстанның солтүстік өңірлерінің ДАИШ қарулы мүшелерінің паналайтын жеріне айналғанын айтқан болатын. Осы орайда Ресей күштері наурыз айында лаңкестікпен күрес аясында Тәжікстан мен Қырғызстанның Қарулы күштерімен бірігіп, әскери жаттығу өткізді.