Иран мен Еуропаның банкаралық форумы: тәсілдер мен күтетін үміттер
(last modified Sun, 29 Apr 2018 16:05:29 GMT )
Сәу 29, 2018 22:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуропаның банкаралық форумы: тәсілдер мен күтетін үміттер

Иран мен Еуропаның сауда және банк саласындағы алтыншы форумы сенбі күні Теһранда Иранның банк, экономика және дипломатия саласындағы жауапты тұлғалары мен басшылары және Еуропаның осы саладағы басшыларының қатысуымен басталды.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау жолындағы бүлдіргі әрекеттері мен өзара қатынаста долларды еуромен алмастыру мүмкіндігі сияқты тақырыптар осы форумның басты өзегі болды.

Теһранда Иран мен Еуропаның сауда форумын өткізу аталмыш салада түйткілдерді анықтап, оларды шешу тәсілдерін талқылауға берілген мұрсат болып табылады.

Иран мен Швейцария сауда палатасының төрағасы Шариф Низаммафи осы туралы: "Өкінішке орай, еуропалық банктер Трамптың саясаттарынан алаңдайтындықтан және айыппұлға ұшыраудан қорқатындықтан әліптің артын бағып, күту саясатын ұстануды жөн көріп отыр",-деді. 

АҚШ Президенті Дональд Трампта осы елдің Конгресі бекіткен заңға сәйкес 2018 жылдың 12 мамырына дейін Иранға салынған ядролық санкцияларды тоқтату мерзімін ұзартуға қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік бар. Трамп бұл келісімге өзгеріс енгізілмесе, АҚШ-тың одан шығатынын айтып, қоқан-лоққы жасады. Трамп үкіметінің басшылары  Вашингтонның  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қайта келіссөз өткізу немесе оған өзгеріс енгізуді көздемейтінін, тек Трамптың айтуынша, кемшіліктерді жою үшін Теһранмен қосымша келісімдерге қол жеткізуді мақсат тұтатынын айтып отыр. Алайда еуропалықтардың, әсіресе Франция Президентінің Вашингтонға сапарындағы саяси келіссөздердің АҚШ-тың  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен қайшылықтарын шешудегі  перспективасы әлі мәлім емес.

Иранның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф Теһранда өткен Иран мен Еуропаның сауда және банк саласындағы алтыншы форумы аясында тілшілерге берген сұхбатында: "Еуроодақ Иранмен банкаралық қатынастағы кедергілерді жою үшін көп талпыныс жасады. Олар кедергілер толық жойылғанға дейін талпыныстарын жалғастыра беруі керек",-деді.

Иранның Орталық банкінің басшысы ИИР-ның Теһран-Брюссель сауда айналымы көлеміне сәйкес екі жаққа да сенімді банк желісі қалыптасатындығына үміттенетінін айтып: "Бұл іс басқа еуропалық банктерді Иранмен әріптестік жасауға ынталандыра алады",-деді.

"Иранның Еуроодақтағы перспективасы" атты жобаның Иран бөлімінің басшысы Анна Мари Фендер Хиден: "Иран еуропалық банктердің сеніміне ие болғанына сенімді болуы керек. Олар Иранмен экономикалық қатынас жасауға кірісті",-деді.

Осы саладағы шешім жолы мынадай көрінеді:  еуропалық басшылар АҚШ-тың трансшекаралық сауда санкцияларының алдын алуы керек, яғни 20 ғасырдың 80 жылдарында АҚШ-тың Кеңес одағына қатысты трансшекаралық санкцияларына қарсы істелген әрекетті жасау керек. Сол заманда қабылданған жаңа заң бойынша, егер бір адам немесе компания АҚШ-тың трансшекаралық санкцияларына мойынұсынатын болса, Еуропаның заңдарын аяқ асты еткендей саналады. Еуропаның бұл қатынасы америкалықтардың өз позициясынан кері шегінуіне себеп болды.

Еуропалықтар қазіргі жағдайда Еуропада доллар жүйесінің еуроға ауысуы қажеттігін түсінуі керек. Сол кезде АҚШ-тың әлемнің қаржы, экономика және банк жүйесіне ықпалы азаяды. Ал еуропалық банктердің АҚШ-тың қысымдарына көнуді түсіндіруі АҚШ Президенті Дональд Трамптың ашық емес саясаттарына алаңдауына негізделіп отыр. Бұл саясаттар шетелдік үкіметтер мен компанияларға Иранмен қарым-қатынастарын еркін түрде жалғастыруын таңдауға жол бермей отыр. Осындай жағдайда банкаралық түйткілдерді жою екіжақты сауда-экономикалық қатынасты дамытуға жол ашу үшін қажет болып отыр. Енді еуропалық банктердің осыған қатысты қандай қадам жасайтынын байқауымыз керек.