Арменияның оппозиция басшысы жанжал тудыратын уәж айтты
https://itolqyn.com/news/world-i36588-Арменияның_оппозиция_басшысы_жанжал_тудыратын_уәж_айтты
Армения үкіметі қарсыластарының басшысы өзі Премьер-министр болғанша наразылықтар жалғасады деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 29, 2018 22:45 Asia/Almaty
  • Арменияның оппозиция басшысы жанжал тудыратын уәж айтты

Армения үкіметі қарсыластарының басшысы өзі Премьер-министр болғанша наразылықтар жалғасады деп мәлімдеді.

Армения үкіметі қарсыластарының басшысы Никол Пашинян Ереванда наразылардың ортасында өзі Премьер-министр ретінде сайланғанға дейін наразылықтардың жалғасатынын айтты. Ол Арменияның уақытша Премьер-министрі Карен Карапетянның отставкаға кетуін қуаттап, кері жағдайда мезгілінен тыс өтетін парламенттік сайлауға бойкот жариялайтынын ескертіп:

"Алдағы екі күнде Арменияның наразылықтары Ереваннан елдің басқа қаларына, атап айтқанда Гюмри мен Ванадзор қалаларына жетуі мүмкін",- деді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Серж Саргсян отставкаға кеткен соң Карен Карапетян Арменияның уақытша Премьер-министрі болып сайланды.

Пашинян сондай-ақ, қарсыластардың үкіметтік ғимараттарды қоршауға алуы мүмкін екендігін және наразылардың қалауы бойынша, ол Премьер-министр болып бекітілмесе, алдағы сайлауға бойкот жариялайтынын айтып қоқан-лоққы жасады.