Ұлыбритания, Франция мен Германия "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдады
Ұлыбритания, Франция мен Германия елдерінің басшылары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй жексенбі күні мәлімдеме жариялап: "Ұлыбритания, Франция мен Германия басшылары Иранмен арадағы ядролық келісімінің бұл елдің ядролық қаруға қол жеткізуінің алдын алатын ең игі жол екендігіне келісті.
Тереза Мэй Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сұхбаттары барысында үш ел басшыларының бұл келісімнің басқа мәселелерді, атап айтқанда баллистикалық зымырандар, мерзімі аяқталғаннан кейінгі бұл келісімнің тағдыры мен Иранның аймақтағы тұрақсыздық тудыратын шараларын да қамтуы үшін кеңейтілуі қажеттігін қабылдады.
Ұлыбритания, Франция және Германия басшылары өздерін тығыз ынтымақтастықтарды жалғастыруға және Иран тарапынан туындаған қиындықтарды шешуге, әсіресе жаңа келісімде қамтылуы тиіс мәселелерге қатысты АҚШ-пен әріптестік жасауға міндетті санайды",- деді.