Иран мен Франция президенттері Теһран-Париж қатынастарын кеңейтіп, нығайту қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 30 Apr 2018 10:13:02 GMT )
Сәу 30, 2018 16:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Франция президенттері Теһран-Париж қатынастарын кеңейтіп, нығайту қажеттігін қуаттады

ИИР мен Франция президенттері екі халықтың ортақ мүдделеріне байланысты Теһран-Париж қатынастарын екі тарап қызығушылық танытып отырған барлық салаларда кеңейтіп, нығайту қажеттігін қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке  Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатта Иранның Франциямен қатынасын нығайтуға аса маңыз беріп отырғанына тоқталып: "Екі елдің саяси, мәдени, экономикалық мәселелер мен аймаққа қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастығы үшін қалыптасқан өте жақсы әлеуеттерге байланысты Теһран барлық салаларда Парижбен қатынасын нығайтуға мүдделі",- деді.

Рухани америкалықтардың "Ортақ қадамға" қарсы ұстанымдарын жеті мемлекет арасындағы келісімді ашық түрде бұзу деп атап: "Иран соңғы күндері банктік қатынастар, валюта және басқа да экономикалық мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылдауымен АҚШ-тың 12 мамырда (22 ордибеһешт) қабылдайтын кез келген шешіміне дайын",- деді.

Макрон да Теһран-Париж қатынастарын екі тарап қызығушылық танытып отырған барлық салаларда кеңейту қажеттігін қуаттап: "Еуропа одағы, әсіресе Франция "Ортақ қадам" бағдарламасын толығымен қорғап, "Ортақ қадам" келісімінде жүз пайыз қалады.

Франция тұрақты Таяу Шығыс аймағын қалайды. "Ортақ қадам" келісімі осы аймақтың қиындықтарын шешуге арналаған маңызды модель саналады. Сондықтан ол сақталып, барлық тараптар оған берік болуы керек",- деді.

 

 

 

 

Тегтер