Трамп: "Ортақ қадам" – кемшіліктерге ие келісім
АҚШ Президенті дүйсенбі күні тағы да "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын кемшіліктерге ие келісім деп атап, өзі қолдайтын келісімге қол жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Дональд Трамп нигериялық әріптесі Мұхаммад Бухаримен Вашингтонда өткізген ортақ баспасөз отырысында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы кейбір міндеттемелерінің уақытының 2025-ші жылы аяқталатындығына тоқталып: "Иран алдағы жеті жылда ядролық қару шығару үшін ерікті болады",- деді.
АҚШ Президенті бұдан бұрын да "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа тараптардың, атап айтқанда Британия, Франция, Ресей, Қытай, Германия және Еуроодақтың ұстанымдарына қайшы аталмыш келісімді "жаман келісім"деп атаған болатын.
Трамп ядролық келісім тек Иранның мүддесін қамтамасыз етеді деген уәж айтып, оған Вашингтонның мүддесіне сай өзгеріс енгізбек.