Путин Нетаньяхуге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау керектігін қуаттады
(last modified Tue, 01 May 2018 09:18:57 GMT )
Maм 01, 2018 15:18 Asia/Almaty
  • Путин Нетаньяхуге

Кремль сейсенбі күні таңертең Ресей Президенті Владимир Путин мен сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың телефон арқылы Иран мен "алтылық" тобының ядролық мәселеге қатысты келісімі туралы сөйлескендерін хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Путин телефон арқылы сұхбатта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақталу қажеттілігін қуаттап, бұл халықаралық келісімнің әлемнің тұрақтылығын сақтау үшін қажет екендігін баса айтты. Телефон арқылы сұхбат Нетаньяхудың ИИР-на қарсы жарнамалық әрекетінен кейін орын алды.

Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини дүйсенбі күні кешке Бениамин Нетаньяхудың Иранға қарсы жаңа әрекетіне реакция білдіріп: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы кезге дейін 10 есебінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін растады. Нетаньяху Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғаны туралы ешбір  құжат ұсынбады",- деді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс те сейсенбі  күнгі мәлімдемесінде Иранды ядролық қару шығаруды көздейтін жасырын бағдарламаға ие деп айыптап: "Вашингтон Нетаньяхудың жариялаған мәліметтерін нақты тексереді",- деді.