Нетаньяхудың комедиялық қойылымына реакция жалғасуда
Сионистік режим Премьер-министрінің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қатысты комедиялық қойылымына реакциялар жалғасуда.
Нетаньяху дүйсенбі күні кешке Иранның ядролық жұмыстарын жасырын түрде жалғастырып жатқанын көрсететін құжаттардың барын айтты.
Германия үкіметінің ақпарат өкілі сионистік режим Премьер‑министрінің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қатысты расталмаған уәждерін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын сақтап қалудың келесі бір дәлелі деп атады. Франция Сыртқы істер министрі Нетаньяху берген мәліметті Иранның ядролық келісімін сақтаудың маңыздылығы мен қажеттілігін қуаттап отыр деп бағалады. Ресей Президенті сионистік режим Премьер‑министрімен телефон арқылы сұхбатында оған «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады.