Сионистік режиммен ядролық қару саласында ынтымақтастық жасап АҚШ міндеттемелерін бұзады
Иранның АҚХА-дегі тұрақты өкілі: «АҚШ-тың ядролық қаруларының НАТО-ның ядролық шатыры аясында Еуропада орналастырылуы сионистік режимге ядролық қаруларды жасап, сынауға көмектесу және NPT хаттамасынан тыс елдерге ядролық жәрдемдесу және осы хаттаманы ашық түрде бұзу болып табылады»,-деп қуаттады.
Реза Наджафи Женевада ядролық қаруларды өндіру мен таратуға тыйым салу хаттамасын (NPT) қайта қарау конференциясына дайындалу комитетінің отырысында Иранның NPT хаттамасындағы міндеттеріне берік екенін қуаттап: «Ядролық қарулар жойылмайынша, мұндай қаруларды тарату қатері басқа елдерге тасымалдау немесе осындай қаруларға ие елдердің көбірек өндіруі мен дамытуы салдарынан сақталатын болады.
Сионистік режимнің ядролық қарулар бағдарламасы осындай қаруларға ие кейбір елдердің, әсіресе АҚШ-тың екіқырлы стандарт ұстануының салдары болып отыр. Бұл аталмыш елдердің заң бойынша орындауы тиіс NPT хаттамасының барлық ережелерін ашық түрде бұзу болып табылады»,-деп қуаттады.