Сирия АҚШ бастаған коалицияның соғыс қылмыстарын тоқтатуды сұрады
(last modified Thu, 03 May 2018 12:34:09 GMT )
Maм 03, 2018 18:34 Asia/Almaty
  • Сирия АҚШ бастаған коалицияның соғыс қылмыстарын тоқтатуды сұрады

Сирияның СІМ БҰҰ-ның Бас хатшысы мен осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағасына хат жолдап, АҚШ бастаған халықаралық коалицияның Сирия халқына қарсы соғыс қылмыстарын тоқтатуды сұрады.

Mehr ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі SANA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша,  Сирияның СІМ осы хаттарда АҚШ бастаған коалицияның ДАИШ-тен қалған лаңкестерге қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып: «Бұл коалицияның жалғыз мақсаты Сирия үкіметін жою, оның аумақтық тұтастығын, қоғамның бірлігін бұзу және елдегі дағдарысты ұзарту болып отыр»,-деп қуаттады.

Сирия СІМ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қатысты өз міндетін атқарып, Сирия халқына қарсы осы коалицияның соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстарын тоқтату мақсатында тез арада шара қолдауын қайта сұрады.

АҚШ бастаған «ДАИШ-ке қарсы» халықаралық коалицияның қырғи ұшақтары Сириядағы қылмыстарының жалғасында сейсенбі күні осы елдің солтүстік-шығысындағы Хасака облысына шабуыл жасап, ондаған қарапайым адамды өлтіріп, көптеген адамды жаралады.