Эрнест Монис: АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуы апатты болады
АҚШ-тың бұрынғы Энергетика министрі әрі Иран мен "алтылық топ" арасындағы ядролық келіссөздердегі осы елдің келісімгер тобының мүшесі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын апатты деп атады.
АҚШ-тың бұрынғы Энергетика министрі Эрнест Монис PBS арнасына берген сұхбатында бұл елдің "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуының салдары жайлы: "Бұл әрекет АҚШ пен Еуропаның арасына жік салады.
АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуымен көптеген бейберекеттік орын алады. Себебі Еуропа елдері, атап айтқанда Ұлыбритания, Франция мен Германия ашық түрде "Ортақ қадамды" қолдап отырғандықтан Вашингтон олармен әріптестік жасауы тиіс",- деді.
Иран мен "алтылық тобы" (Ұлыбритания, Франция, Ресей, ҚХР, АҚШ пен Германия) арасындағы ядролық келісім 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Бірақ АҚШ үкіметі осы топтың бір мүшесі ретінде "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруда өз міндеттемелерін орындамай келеді.
АҚШ Конгресі бектікен заңға сәйкес, президент Дональд Трамптың 12 мамырға дейін Иранға қарсы ядролық санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдыру мәселесіне қатысты шешім қабылдайтын мұрсаты бар.