Лавров АҚШ-тың біржақты әрекеттерін сынады
Ресей СІМ Лавров: "Халықаралық қатынастардағы теке-тірес АҚШ пен одақтастарының біржақты әрекеттерінің салдары саналады",- деді.
Ресей СІМ Сергей Лавров бейсенбі күні жарияланған италияндық Panorama журналына берген сұхбатында: "АҚШ-тың Ресейден үркіту саясаттарын ілгерлетудегі шаралары Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастардың одан бетер нашарлай түсуіне әкеліп соқтырды",- деп айтты.
Лавров Сирия мәселесі мен АҚШ және Батыс елдерінің жуырда Дамаск үкіметіне қарсы Дума және Шығыс Ғутэ аймақтарында химиялық шабуыл жасағаны туралы таққан айыптауларына тоқталып: "Мәскеу Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымының Сириядағы ақиқатты анықтау миссиясының тәуелсіз тергеу жұмыстарына айналатынын күтеді. АҚШ Сирияны құлдыратып, Евфрат өзенінің шығыс жағалауындағы өз әскерилерінің орналасуына кепілдік беруді көздеп отыр және бұл аймақтан кетуге мүдделі болып отырған жоқ",- деп мәлімдеді.