Нетаньяхудың Иранға қарсы жанжалы екі мақсатты көздейді
Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньяху өткен дүйсенбі күнгі ИИР-на қарсы жарнамалық қойылымының жалғасында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі Иранның ядролық қару бағдарламасының жалғасуын көрсететін құжат ұсынған-мыс.
Өткен дүйсенбі күнгі Бениамин Нетаньяхудың Иранға қарсы жарнамалық қойылымы бірінші рет орын алып отырған жайт емес. Бірақ, Израиль премьер-министрі уәж айтқан құжат әртүрлі басшылар және ақпарат құралдар тарапынан теріске шығарылды. Бұл салада тіпті сионистік "Иерусалим пост" газеті де: "Бениамин Нетаньяху ұсынған Иранның яролық бағдарламасының жалғасуы туралы мәліметтер мен құжаттарға жүргізілген зерттеу олардың ескі және 1999-2003 жылдарға тиесілігі екендігін көрсетті",- деп жазды.
Нетаньяхудың Иранға қарсы жанжалдарының мақсаттары не? Нетаньяхудың бұл әрекеті Ираннан үркіту саясатын жалғастыру болғанымен, жаңа жанжалында ол екі маңызды мақсатты көздеді:
Израиль премьер-министрінің бірінші мақсаты – қазіргі кеезңді пайдалану. Нетаньяху өзінің бұл әрекетін Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына өзгеріс енгізу үшін белгіленген уақытқа 12 күн қалғанда іске асырды. 2018 жылдың қаңтар айында Британия, Франция, Германия, Ресей және Қытайға "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына өзгеріс енгізу үшін 120 күндік уақыт белгіленді. Өзгеріс енгізілмесе, Трамп АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығатыны туралы ескерткен болатын. Сондықтан Нетаньяху жаңа жанжалымен Трампты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға итермелеп, өзінің Ираға қарсы мақсаттарына жақындады. Осыған орай ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қатысқан топтың бұрынғы мүшесі әрі АҚШ-тың Принстон институтының зерттеушісі Сейед Хосейн Мусавиан "Рейтерс" ақпарат агенттігіне жазған мақаласында Израиль басшыларының 1992 жылдан осы уақытқа дейін әлемдік қоғамды «Иран атом бомбасын шығаруды көздеуде» деп сендіруге күш салып, осы жол арқылы өзінің жүздеген атом бомбасын ақтамақ болғанына тоқталып: "Бұл израильдік басшының жарнамалық қойылымы алдын ала есептелініп, іске асырылды. Өйткені, алдағы бірнеше күннен кейін АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы шешім қабылдауы керек» деді.
Нетаньяхудың екінші мақсаты оның басып алынған жердің ішіндегі мәселелеріне қатысты. Израиль премьер-министрі қазір сыйбайластық жемқорлық, пара алу және билікті өз мүддесіне теріс пайдалану деген үш іспен бетпе-бет келіп отыр. Нетаньяхудың сыйбайластық жемқорлыққа қарсы ісі халықтық наразылықтар мен саяси партиялардың барлығының сындарының артуына себеп болды. Нетаньяху екі айға жетпес уақытта бұл режим полициясының жемқорлық мәселесіне жауап беруі керек. Сондықтан ол Иранға қарсы мақсаттарымен қоғамдық пікірді басқа мәселелерге аударғысы келеді. Осы салада АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы бұрынғы елшісі сионистік режимнің преьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың Иранның ядролық жұмыстарына қарсы жаңа жобасының мақсатын қоғамдық пікірді полицияны өзінің жемқорлығы туралы зерттеулерінен бұрмалау деп атады.