Сионистік режимнің Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы сұхбаттасты
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жұма күні Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жайлы сұхбаттасты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нетаньяху осы сұхбатта Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қарсы уәждерін қайталап, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын жоюды сұрады.
Нетаньяху, сондай-ақ, Тереза Мэймен өзінің дүйсенбі күні Иран мен ядролық келісімге қарсы қойған күлкілі қойылымы туралы сұхбаттасты.
Осындай жағдайда Ресей үкіметі өз мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында барлық тараптар үшін тиімді механизмнің бар екендігін айтып, бұл келісімді жоюдың ауыр салдарлары болатынын ескертіп: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүдделердің өте нәзік тепе-теңдігі бұзылатын болса, халықаралық қауіпсіздік пен ядролық қаруларды таратуға тыйым салу жүйесіне үлкен зиян келтіріледі»,‑деп баса айтты.