Сионистік режимнің Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/world-i36704
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жұма күні Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жайлы сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 05, 2018 14:28 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы сұхбаттасты

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жұма күні Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жайлы сұхбаттасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нетаньяху осы сұхбатта Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қарсы уәждерін қайталап, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын жоюды сұрады.

Нетаньяху, сондай-ақ, Тереза Мэймен өзінің дүйсенбі күні Иран мен ядролық келісімге қарсы қойған күлкілі қойылымы туралы сұхбаттасты. 

Осындай жағдайда Ресей үкіметі өз мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында барлық тараптар үшін тиімді механизмнің бар екендігін айтып,  бұл келісімді жоюдың ауыр салдарлары болатынын ескертіп: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүдделердің өте нәзік тепе-теңдігі бұзылатын болса, халықаралық қауіпсіздік пен ядролық қаруларды таратуға тыйым салу жүйесіне үлкен зиян келтіріледі»,‑деп  баса айтты.