АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы уәждері жалғасуда
АҚШ Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы уәждерін жалғастырып, Вашингтонның бұрынғы үкіметінің әрекеттерін заңсыз деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні "Твиттердегі" парақшасында: "АҚШ бұрынғы Мемлекеттік хатшы Джон Керридің Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімдегі заңсыз дипломатиясын қажет етпейді. Иранның ядролық мәселесіне қатысты келіссөздер өте жаман әрі орынсыз болған",- деді.
АҚШ Президенті бұдан бұрын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жыртып тастайтыны туралы уәж айтқан болатын.
АҚШ Президенті дүйсенбі күні Твиттерде мамырдың 8 күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де (Теһран уақыты бойынша 22:30) "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы шешімін жариялайтынын жазды.