Армения оппозиционерлерінің басшысы Премьер-министрі лауазымына тағайындалды
Армения үкіметіне қарсылардың басшысы сейсенбі күні осы ел Парламенті өкілдерінің 59 оң және 42 теріс дауысымен Премьер-министр болып сайланды.
Никол Пашинян сейсенбі күні дауыс беруден бұрын Арменияда соңғы бір айда болған оқиғаларды «махаббат төңкерісі» деп атап, Парламент өкілдерінің көпшілік дауысын алғаннан кейін Арменияның маңызды инфрақұрылымын дамытуға күш салып, бағдарлама жасайтынын айтты. Өткен аптада Армения Парламентінің өкілдері Премьер‑министр лауазымына жалғыз үміткер болған Пашинянға оң дауыс бермеген болатын. Армения үкіметіне қарсылардың үш апта бұрын Ереванда басталған ауқымды наразылығы осы елдің Премьер‑министрі Серж Саргсянды отставкаға кетуге мәжбүр етті. Саргсян Арменияның Президенті ретінде он жыл билік басында болды.