Трамп «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейін Airbus пен Boeing үлкен шығынға батады
https://itolqyn.com/news/world-i36832
Airbus пен Boeing әуе компаниялары Америка Иранмен ядролық келісімнен шыққаннан кейін 4 млрд доллар шығын көреді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 09, 2018 22:05 Asia/Almaty
  • Трамп «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейін Airbus пен Boeing үлкен шығынға батады

Airbus пен Boeing әуе компаниялары Америка Иранмен ядролық келісімнен шыққаннан кейін 4 млрд доллар шығын көреді.

Bloomberg  хабар агенттігінің мәліметі бойынша Америка президенті Дональд Трамптың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығуы Airbus пен Boeing компанияларының жолаушы тасымалдаушы ұшақтарды Иранға сату туралы екі келісімін тоқтатады.  

Америкалық Boeing компаниясы Иран мен «алтылық» елдері арасында ядролық келісім жасалған соң Теһранға құны 20 млрд доллар тұратын жолаушы тасымалдайтын ұшақ сату туралы келісімге қол қойған болатын. Американың «Ортақ қадам» келісімінен шығуы бұл келісімнің күшін жойып, Boeing үшін 20 млрд доллар шығын келтіреді.

Сонымен қатар Airbus та Иранмен шамамен құны 20 млрд тұратын келісім жасаған болатын. Трамп «Ортақ қадамнан» шыққан соң бұл келісім де күшін жояды.

Американың Қазына министрі Стивен Мнучин сейсенбі күні түнде осы екі ұшақ компаниясының Иранға ұшақ сату және экспорттау рұқсатының күшін жоятынын мәлімдеді.