Трамп: Солтүстік Кореяның басшысымен кездесу кез келген сәтте күн тәртібінен алынуы мүмкін
(last modified Thu, 10 May 2018 07:27:28 GMT )
Maм 10, 2018 13:27 Asia/Almaty
  • Трамп: Солтүстік Кореяның басшысымен кездесу кез келген сәтте күн тәртібінен алынуы  мүмкін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесуінің егжей-тегжейінің үш күннен кейін жарияланатынын, кез келген сәтте кездесудің күн тәртібінен алынып тасталуы мүмкін екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пхеньянда жүрген кезде Дональд Трамп тілшілерге берген сұхбатында Солтүстік Корея басшысымен кездесуді алып тастауы мүмкін екенін мәлімдеп: "Вашингтон мен Пхеньян келісімге келуді қалайды деп ойлаймын. АҚШ пен Солтүстік Кореяның келісімі сәтті келісім бола алады",-деді.

Солтүстік Корея сәрсенбі күні  Помпео Пхеньянға іссапармен барғаннан кейін ұзақ  уақыт бойы осы елдің еңбекпен түзеу колониясында қамауда болған үш америкалық азаматты босатты.

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ Президенті  Дональд Трамп мамыр айының соңы мен маусым айының басында кездесіп, сұхбаттасады деп жоспарланып отыр.