Еуроодақ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына реакция білдірді
Maм 10, 2018 14:07 Asia/Almaty
Еуроодақ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына өкініш білдіріп, осы келісімді толық әрі әсерлі түрде орындауды жалғастыруға берік екенін жариялады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақ сәрсенбі күні осы ұйым кеңесінің ақпарат тарату сайтында ресми мәлімдеме жариялап: "Бұл одақ АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаны туралы мәлімдемесіне қатты өкініш білдіреді. Өйткені бұл келісім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары тарапынан бекітілген және аймақтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды ұжымдық нәтиже болып табылады.
Иран ядролық келісімге қатысты міндеттемелерін орындауды жалғастырғанға дейін солай істеп келді. АҚХА да өзінің 10 есебінде мұны растады. Еуроодақ та "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық орындауды жалғастырады",-деп қуаттады.
Бұл мәлімдеменің соңында Еуроодақтың халықаралық қауымдастықпен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу мақсатында жұмыс істеуге шешім қабылдағаны баса айтылды.
Тегтер