АҚШ-тың әрекетін Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы тұрғысынан сараптау
(last modified Thu, 10 May 2018 12:16:38 GMT )
Maм 10, 2018 18:16 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың әрекетін Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы тұрғысынан сараптау

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні «Мұғалім аптасына» орай Педагогикалық университетке барып, мыңдаған студент және ұстаздармен кездесуінде мұғалімдердің жоғары орнын түсіндіріп, АҚШ пен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты бірқатар маңызды жайттарға тоқталды.

Ислам революциясының жетекшісі Трамптың сейсенбі күнгі құнсыз сөздеріне тоқталып: "Бұл адам 10-нан астам әшкере өтірік айтумен қоса, Иран халқы мен исламдық республикаға қоқан-лоққы жасады. Мен Иран халқының атынан оған "Сіз қателік жасап отырсыз!" деп айтамын",-деді.

Аятолла Хаменеи АҚШ мәселесін эмоциясыз әрекет етуді қажет ететін маңызды мәселе деп атап: "Америкалықтардың үздіксіз, терең және жоюды көздейтін жауластығы менімен немесе елдің басқа басшыларымен дұшпандық емес. Бұл – ислам жүйесі мен осы жүйені таңдап, сол жолда әрекет етіп келе жатқан халықпен жауластық",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың қатты жауласуының себебін Ислам революциясының жеңісі, ислам республикасының құрылуы және америкалықтардың Ираннан қолдарының қағылуы деп атап: "Олар жүйені жойып, маңызды қорлар мен стратегиялық жағдайға ие Иранда қайтадан билік жүргізгісі келеді. АҚШ ИИР-ның тәуелсіз жүйесімен күресу үшін өткен 40 жылдың ішінде әртүрлі адамдар мен тәсілдерді пайдаланды,-деді. Қазіргі таңда АҚШ өз стратегиясын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы, Иранның аймақтық және халықаралық қарым-қатынасы, әсіресе Еуроодақпен байланысына шоғырландырып отыр. Трамп осындай ақылсыз шаралар мен ұстанымдар арқылы АҚШ пен Иранның өткені мен бүгінінен реалистік түсінігінің жоқтығын көрсетті. Өйткені, Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, Обама АҚШ-тың темір жұдырығын мақпал қолғапқа жасырып, өзгеріс жайлы сөйлеген кезде Иран аса қуана қоймаған еді. Қазір де Трамптың бос сөздері мен қоқан-лоққыларынан үрейге бой алдырмайды.

Хазірет аятолла Хаменеи осы жөнінде: "Тіпті хат жазылып, сөз сөйленген Обама үкіметі кезінде де АҚШ ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеген, бірақ мақсатымыз бұл емес деп өтірік айтатын",-деді.

Шындық мынада: АҚШ-тың ИИР-мен негізгі мәселесі мен түйткілі Иранның аймақта абырой-айбынын сақтауы болып отыр. Бұл АҚШ-тың үстемдігіне тосқауыл қойып, «АҚШ-Израиль-Сауд Арабиясы» деген үштікке сұрқия мақсаттарына жетуге жол бермейді.  Иран халқы АҚШ-тың үстемшіл болмысын жақсы біледі.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу оқиғаның бір жағы ғана. Ислам революциясы жетекшісінің кешегі мәлімдемеде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының болмысы мен Еуропаның әрекеті жайлы айтқандарын шынайы ескерту деп қабылдау қажеттігі сөзсіз. Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі: "Мен осы үш елге сенбеймін. Бұл – бір түйткілді мәселе. Егер сенуге боларлық кесімді кепілдік ала алсаңыздар – әрине бұлай болу ықтималы өте төмен,  айып жоқ, істеріңізді жалғастырыңыздар. Бірақ қазіргі жағдайда әріптестікті жалғастыруға болмайды. Өйткені жалаң сөйлеудің пайдасы жоқ. Олар дипломатия әлемінде толығымен ақлаққа жат әрекет етеді",-деді.

Еуропа Иранмен келіссөздерді АҚШ-тың уәждері мен талап-тілектеріне жауап беруге талпынуға айналдырғысы келсе, бұл оның АҚШ-тың айтқандары мен теріс кеңістік тудыруына бағынғанын білдіреді. Еуроодақ өз саясаттарын тәуелсіз деп көрсетуге тырысып жатыр. Бірақ бұл әлі дәлелденген жоқ. Еуропа Трамп пен Парсы шығанағында Иранға қарсы кейбір аймақтық елдердің қате ұстанымдарының ықпалына түспегенін іс жүзінде көрсетуі керек.

АҚШ-тың танымал сарапшысы Гросс Портердің айтуынша, еуропалықтардың Вашингтонның алдында тағзым етер-етпесін көру үшін сәл күту керек.