Рухани Меркельмен сұхбатта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында Иранның мүдделерін кепілдендіруді сұрады
ИИР Президенті Германия канцлерімен телефон арқылы сұхбатта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында Иранның мүдделерінің нақты әрі дұрыс айқындалып, кепілдендірілуі керектігін айтып, Еуропа елдерінен, әсіресе Германия, Франция мен Ұлыбританиядан шектеулі мерзім ішінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін осы келісімдегі Иранның мүдделерінің қалай қамтамасыз етіліп, кепілдендірілетіні жайлы өздерінің нақты ұстанымдарын жариялауды сұрап:
"Иранның осы бағдарламадағы маңызды тақырыптарға, соның ішінде мұнай, газ бен мұнай-химия өнімдерін сату және банкаралық қатынасқа байланысты мүдделері ашық әрі дұрыс айқындалып, кепілдендірілуі тиіс. Бұл тақырыптар бірнеше апталық мерзім ішінде Иран мен еуропалық елдердің Сыртқы істер министрлері мен сараптамалық топтарының отырысында талқыланып, қорытындылануы керек",-деді.
Меркель де осы телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына өкініш білдіріп, Еуроодақтың бұрынғыдай осы халықаралық келісімге берік болып қалатынын қуаттады.