Ресей: Еуропа өзінің егемендігін дәлелдейтін ауыр сынақтың алдында тұр
(last modified Fri, 11 May 2018 12:30:16 GMT )
Maм 11, 2018 18:30 Asia/Almaty
  • Ресей: Еуропа өзінің егемендігін дәлелдейтін ауыр сынақтың алдында тұр

Ресейдің Федеративтік кеңесінің заң шығару комиссиясының басшысы еуропалықтардың АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығаруға бағыттаған қысымына қатысты ұстанымын олардың егемендігін көрсету үшін ауыр сынақ деп атап:

"АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалықтар сынаққа түсті. Олар АҚШ-тың қысымдарына қарамастан осы келісімде қалатын, қалмайтындықтарын және өздерінің саяси-экономикалық мүдделерін қорғай алатын, алмайтындарын көрсетуі тиіс",-деді.

Ресейдің Федеративтік кеңесінің заң шығару комиссиясының басшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының халықаралық міндеттемелерге берік болудан жалтару екенін айтып: "Бұл халықаралық заңдарда тағы бір дағдарыстың туғанын, аймақ пен әлемде алаңдатарлық жағдайдың қалыптасқанын білдіреді",-деді.