Иран БҰҰ-ның Бас хатшысына хат жолдады
(last modified Sat, 12 May 2018 08:32:31 GMT )
Maм 12, 2018 14:32 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-ның Бас хатшысына хат жолдады

БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі осы ұйымның бас хатшысына жолдаған хатында сионистік режимнің аймақтағы, атап айтқанда Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетуін айыптады.

Ғоламали Хошру жұма күні БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған хатында: "Израильдің аймақтағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуін растайтын жеткілікті дәлелдер бар",- деп жазды.

Хошру хатта БҰҰ бас хатшысына 10 ақпанда болған өзгерістер туралы жазды. Сол күні Сирия Әскері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің Голан жоталарындағы әл-Джалил аймағына жақын маңдағы сионистік режимнің F-16 қырғи ұшағын құлатқан болатын. Сионистік режимнің айтуынша, 10 ақпан күні Сирия жеріне жасалған әуе шабуылы ирандық ұшқышсыз ұшақтың басып алынған жерлердің кеңістігіне кіруіне байланысты жасалған.

БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі Гутерришке жолдаған хатында: "Сионистік режимнің жалған уәждеріне қарамастан, жоғарыда айтылған ұшқышсыз ұшақ қаруланбаған және қақтығысқа түсуді мақсат етпеген, сондай-ақ оған шабуыл жасау миссиясы тапсырылмаған.

Иран БҰҰ-ның жарғысына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығын мойындап, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен басқыншылық әрекеттерді айыптау арқылы Израиль режимінен қатерлі авантюристік әрекеттері мен аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шараларын арттыруды доғарып, өз жауапкершіліктеріне сай әрекет етуді сұрайды",- деп баса айтты.