Иран Арменияда ашылған "Мәдениеттер диалогы" көрмесіне қатысты
https://itolqyn.com/news/world-i3694-Иран_Арменияда_ашылған_Мәдениеттер_диалогы_көрмесіне_қатысты
Арменияның астанасы Ереванда "Мәдениеттер диалогы" көрмесі ашылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 04, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Иран Арменияда ашылған

Арменияның астанасы Ереванда "Мәдениеттер диалогы" көрмесі ашылды.

«Мәдениеттер диалогы» атты көрме Ереван қаласы әкімшілігінің мұражайында Ереван қаласы әкімінің орынбасары Арам Сукиасян мен Иранның мәдени орталығының басшысы Мәджид Мешкидің қатысып, баяндама жасауымен ашылды.

Еревандағы Иранның мәдени орталығының басшысы осы рәсімде Иран мен Армения арасындағы тарихи тамырластық пен бірлестікке сілтеме жасап, ирандық мәдениеттен қалған ескерткіштердің Ереван қаласында ұсынылуын осы мәдени тамырластықтың белгісі деп атап: «Екі ұлттың ата-бабаларының мұрасы негізінде Ереванда мәдениеттер диалогы көрмесінің өткізілуі екі елдің келешек ұрпағы үшін сұхбаттасу және түсіністіктің жарқын жолын ашады. Сұхбаттасу мен түсіністік үшін қанша қадам жасасақ, әлемдік бейбітшілік пен адамзаттың тыныштығы үшін соғұрлым еңбек сіңіріледі» деді.

Мәдениеттер арасындағы диалог көрмесіне Иранның Арменияда билік еткен дәуірінен қалған төрт мың ескерткіштің арасынан 70 ескерткіш ұсынылды.