АҚШ – сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына серіктес
https://itolqyn.com/news/world-i36990
БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, АҚШ-ты сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына серіктес деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 16, 2018 12:37 Asia/Almaty
  • АҚШ  – сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына серіктес

БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, АҚШ-ты сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына серіктес деп атады.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, мәлімдемеде: "АҚШ – сионистік режимнің 70 жыл бойғы Палестина халқына қарсы қылмыстарына серіктес. БҰҰ-ғы АҚШ өкілі Никки Хейлидің сейсенбі күнгі сөздері бұл ақиқатты жасыра алмайды",- де қуатталды.

Никки Хейли сейсенбі күні негізсіз уәждерін  қайталап, қоғамдық пікірді Газадағы палестиналықтарды қырып-жоюды жедел тоқтату туралы әлемдік жолдаудан бұрмалауға талпыныс жасады.

Иран өкілі өз мәлімдемесінде: "Хейли АҚШ-тың Израиль режимінің заңсыз әрекеттерін қолдайтын саясат ұстанатынын тағы қуаттады. Аймақтағы бейберекеттіктердің ең маңызды себебі осындай әрекеттер ",- деп баса айтты.