Хошру: Иран палестиналықтардың Құдстың астаналығымен Палестина елін құру жолындағы заңды күрестерін қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i37028-Хошру_Иран_палестиналықтардың_Құдстың_астаналығымен_Палестина_елін_құру_жолындағы_заңды_күрестерін_қолдайды
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хошру сәрсенбі күні сионистік режимнің Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы қылмыстарын айыптап: "Иран Палестина халқына тілеулестігін жариялаумен қатар, олардың азаттық пен тәуелсіздікке ие болып, Құдстың астаналығымен Палестина елін құру жолындағы заңды күрестерін қолдайды",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 17, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • Хошру: Иран палестиналықтардың Құдстың астаналығымен Палестина елін құру жолындағы заңды күрестерін қолдайды

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хошру сәрсенбі күні сионистік режимнің Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы қылмыстарын айыптап: "Иран Палестина халқына тілеулестігін жариялаумен қатар, олардың азаттық пен тәуелсіздікке ие болып, Құдстың астаналығымен Палестина елін құру жолындағы заңды күрестерін қолдайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламәли Хошру БҰҰ-ның Нью-Йорктегі резиденциясында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің тұрақты өкілдері мен елшілерінің отырысында сионистердің Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы қылмыстарының 30 наурызда Газа секторында "Қайта оралу құқығы" атты бейбіт шерумен бір мезгілде басталған жаңа кезеңіне тоқталып: "Сионистік режим 30 наурыздан осы күнге дейін 111 палестиналықты шәһид етіп, 10 мың адамды жаралады",-деді.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі дүйсенбі күні 14 мамырда Газа секторында 60-тан астам палестиналықтың сионистік режим әскерилерінің қолынан қаза тапқанын және 2500-ден аса адамның жараланғанын айтып: "Осындай қылмыстар мен қырып-жоюлармен бір мезгілде тура сол күні Израильдің Премьер-министрі Нетаньяху мен оның қонақтары АҚШ елшілігінің  Құдсқа түрде заңсыз көшірілуін тойлады. Бұл күн ислам әлемі үшін ұялатын күн болды",-деді.

Хошру Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден барлық мүмкіндікті пайдаланып, Палестина мәселесін қолдау жолында тиісті шара қолдануға талпыныс жасауды сұрады.