Адам құқығы жөніндегі кеңес Израильден мүшеліктен шығуды сұрады
БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңестің отырысында сионистік режимді айыптаудың жалғасында бұл режимнің Соғыс министрі Тель-Авивтің Адам құқығы жөніндегі кеңес мүшелігінен шығуын өтінді.
БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесі Газа секторы тұрғындарының сионистік режим әскерилері тарапынан өлтірілуіне қатысты төтенше отырыс өткізіп, бұл режимнің зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптап, шағым түсірді.
Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман бейсенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Адам құқығы жөніндегі кеңестің Газа секторы тұрғындарының өлтірілуі туралы мәлімдемесінің бұл режимнің мүдделерін қорғау үшін кедергі келтіретінін айтып: "Тель-Авив бұл кеңестен дереу шығып, АҚШ-ты да өзімен бірге шығаруы тиіс",- деп қуаттады.
Өткен дүйсенбі күні сионистердің АҚШ елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіруін тойлауымен бір мезгілде израильдік әскерилер Палестина халқының 14-мамырда өз жерінен шығарылған күннің жылдығында бейбіт сипатта ұйымдастырған шеруін басып-жаныштады. Соның салдарынан 60-тан астам палестиналық шәһид болып, кем дегенде 3000 адам жарақат алды.