Трамп тағы да Ресейге қарсы санкция жариялауға талпыныс жасауда
(last modified Thu, 17 May 2018 15:47:53 GMT )
Maм 17, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Трамп тағы да Ресейге қарсы санкция жариялауға талпыныс жасауда

АҚШ президенті Ресейге қарсы санкция жариялау үшін бұл жолы 1987 жылғы зымыран туралы келісімді бұзуды сылтауратты.

Дональд Трамп АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоге жазған нотада Ресейдің 1987 жылғы зымырандарды жою туралы келісімді бұзғаны туралы уәжінің жалғасында бұл елге қарсы санция жариялауға бұйрық берді.

2018 жылғы заң жобасына сәйкес, АҚШ президенті соның негізінде Ресейдің орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімге берік болмағаны туралы уәжіне қатысты бұл елге қарсы жазалау шаралары қолданылатын арнайы бағдарламаны Конгреске ұсынуы тиіс.

Ресей Вашингтонның осы уәждеріне қатысты бірнеше мәрте өз алаңдаушылығын білдіріп, бұл әрекеттің мақсатын тек Мәскеуге қарсы көбірек санкция жариялау деп атады.