Башар Асад Сочиде Путинмен кеңесті
(last modified Fri, 18 May 2018 13:07:18 GMT )
Maм 18, 2018 19:07 Asia/Almaty

Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асад Ресейдің Сочи қаласында Сириядағы соңғы өзгерістер туралы пікір алмасты.

France Press ақпарат агенттігі ресейлік ақпарат құралдарына сілтеме жасап: "Путин мен Асадтың бейсенбі күні кешке Сочиде өткізген кездесуі барысында қос тарап Сириядағы лаңкестік топтардың жеңілісінен кейінгі елдегі тұрақтылықты нығайту жолдары жайлы пікір алмасты",- деп мәлімдеді.

Кремльдің мәлімдемесіне сәйкес, Асад бұл кездесуде: "Сириядағы жағдай біршама тұрақталды. Дамаск үкіметі Женева келіссөздерінде келісілген Конституцияны дайындау жөніндегі комитетті құруға қатысу үшін өкілдерін жіберуді көздеп отыр",- деді.

Владимир Путин Башар Асадты Сирия әскерінің лаңкестікпен күресте жеңістерге қол жеткізуімен құттықтап: "Сирия әскерінің лаңкестікпен күресте жеңістерге жетіп, саяси үдерістің басталуымен шетелдік күштерд34 барлығы Сирия жерінен шығарылуы тиіс",- деп баса айтты.

 

 

 

 

Тегтер