Меркель "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін тағы қуаттады
(last modified Sat, 19 May 2018 07:25:24 GMT )
Maм 19, 2018 13:25 Asia/Almaty
  • Меркель

Германияның канцлері Ресей Президентімен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін тағы қуаттады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Германия канцлері Ангела Меркель Сочи қаласында Ресей Президенті Владимир Путинмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін жағдай шиеленісіп кетті. Алайда бұл салада толық емес келісімнің болуы оның мүлдем болмауынан әлдеқайда жақсы екенін ескеруіміз керек",-деді.

Меркель Украина дағдарысын Берлин-Мәскеу қарым-қатынасындағы өзекті тақырып деп атап,  Берлиннің осы салада Минск келісіміне көңіл аударылуын қалайтынын білдірді.