Maм 19, 2018 17:53 Asia/Almaty
  • Америка мектептерінде өлу ықтималы соғыс майданындағы қауіптен жоғары

Жақында жасалған бір зерттеу нәтижесі 2018 жылы Америка мектептерінде өлген адамдар санының осы елдің армиясында өлгендердің санынан артық болғанын көрсетті.

Hill басылымының интернет торабының мәліметіне сәйкес, The Washington Post тарапынан Американың Қорғаныс министрлігі Пентагонның мәліметтері негізінде жасалған бір зерттеудің нәтижеі 2018 жылы Американың мектептерінде өлген адамдар санының осы елдің армиясында көз жұмған адамдар санынан көп болғанын көрсеткен.

Осы зерттеулерге сәйкес, өткен күні Техастағы атыстың 10 адамның өліміне себеп болуымен Американың мектептеріндегі әртүрлі 16 оқиғада өлгендердің саны 29 адамға жеткен.  

Бұл Америка армиясының 13 мүшесі әртүрлі 17 оқиғада жан тапсырған жағдайда орын алып отыр.

 

Тегтер