Франция АҚШ-тың экономикалық басымдылығына қарсы
(last modified Sun, 20 May 2018 15:26:13 GMT )
Maм 20, 2018 21:26 Asia/Almaty
  • Франция АҚШ-тың экономикалық басымдылығына қарсы

Францияның Қаржы министрі Американың экономикалық басымдылығына қарсылық білдіруімен бірге Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларының нысанасына түскен еуропалық компаниялардың шығындарын қайтару ықтималы туралы хабарлады.

Францияның Қаржы министрі Брюно Ле Мэр: "Франция АҚШ санкцияларының нысанасына түскен еуропалық компаниялардың ықтималды шығындарын қайтару мүмкіндігін қарастыруда",- деп мәлімдеді.

Ле Мэр Еуроодақтың 1996 жылғы заңына тоқталды. Оның айтуынша, бұл заң Еуроодаққа АҚШ санкцияларының алдында өзінің еуропалық компанияларын қорғау үшін араласуға рұқсат етеді. Өткен жұмада Еуропаның комиссиясы еуропалық компаниялардың АҚШ-тың санкцияларынан қорғау үшін аталмыш заңды іске асыруды бастайтынын хабарлады.