Нетаньяху Помпеоның уәждеріне қатысты қуанышын жасыра алмады
Сионистік режимнің премьер-министрі дүйсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа стратегиясына деген қуанышын жасыра алмай, басқа мемлекеттерден Вашингтоннан үлгі алуды сұрады.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранда уран байытуды тоқтату және Теһранға қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар салу сынды сөздерін қолдап, басқа елдердің АҚШ-тан үлгі алғанын көргісі келетінін айтты.
Сионистік режимнің премьер-министрі өткен айда Иранның ядролық жұмыстары туралы жаңа мәліметтерге ие екені туралы уәж айтқан болатын.
Біріккен Араб Әмірлігінің шетелдік істер жөніндегі министрі Анвар Қарқаш дүйсенбі күнгі Твиттердегі парақшасында Майк Помпеоның Иранға қарсы уәждерін қолдап, оны ИИР-мен қарсыласу үшін дұрыс жол деп атады.
Бахрейн Сыртқы істер министрлігі де Халифе режимінің аймақтағы америкалық-сионистік саясаттарын жалғастырып, АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа стратегиясын қолдады.