АҚШ-тың әртүрлі жерінде 72 атыс оқиғасы болды
(last modified Fri, 25 May 2018 03:48:01 GMT )
Maм 25, 2018 09:48 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың әртүрлі жерінде 72 атыс оқиғасы болды

Сәрсенбі күні АҚШ-тың әртүрлі штаттарында болған 72 атыс салдарынан 15 адам қаза болып, 34 адам жараланды.

АҚШ-тағы қарулы қатігездік статистикасын тіркеу орталығының хабарлауы бойынша, атыстың көбі Луизиана, Коннектикут, Алабама және Небраска штаттарында орын алған.

Осы мәлімет бойынша, өткен 48 сағаттың ішінде АҚШ-тың әртүрлі қалалары мен штаттарында 219 атыс оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 40 адам қаза тауып, 105 адам жараланған.

Жылына мыңдаған адам АҚШ-тың әртүрлі жерінде ыстық қару салдарынан қаза табады немесе жараланады.

Қару жасаушылардың мықты лоббиінің АҚШ үкіметі мен Конгресіне ықпалы адам құқығын қорғаушы топтардың қару ұстауға қатысты ауыр заңдардың қабылдануына берген өтініштерінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды.