Путин мен Макрон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 25 May 2018 10:21:47 GMT )
Maм 25, 2018 16:21 Asia/Almaty
  • Путин мен Макрон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады

Ресей мен Франция президенттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап, іске асыру қажеттігін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форум аясында Франция Президенті Эммануэль Макронмен өткізген ортақ баспасөз отырысында  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сақталу қажеттігін қуаттап, Франция мен еуропалық мемлекеттердің Иранның ядролық келісіміне қатысты ұстанымдарын қолдады. Путин келісімді бұзуға ешбір дәлелдің жоқтығын қуаттап, бұл халықаралық келісімді бұзудың салдарын белгісіз деп атады

Франция Президенті Эммануэль Макрон да баспасөз отырысында сөйлеген сөзінде: «Еуропалық компаниялар АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен ынтымақтастықтарын жалғастырғысы келеді. Сондықтан Теһранға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына кепіл беруі қажет. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің мәліметтері Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағанын  көрсетеді. Сол себепті еуропалықтар келісімді сақтап қалуға мүдделі»,-деді.