Дональд Трамп Солтүстік Кореяның басшысымен кездеспейтін болды
https://itolqyn.com/news/world-i37260
АҚШ Президенті келісімді бұзатын әдетін жалғастырып, бұл жолы келесі айға белгіленген Солтүстік Корея басшысымен кездесу өткізбейтінін жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2018 17:59 Asia/Almaty
  • Дональд Трамп Солтүстік Кореяның басшысымен кездеспейтін болды

АҚШ Президенті келісімді бұзатын әдетін жалғастырып, бұл жолы келесі айға белгіленген Солтүстік Корея басшысымен кездесу өткізбейтінін жариялады.

CNN ақпарат арнасының мәліметіне сәйкес, АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынға жолдаған хатта маусым айындағы екіжақты кездесудің орын алмайтынын жариялады.

Мауысымның 12 күні Сингапурде Ким Чен Ынмен кездесуді жоспарлаған Трамп өз хатында кездесудің өтпейтіндігінің себебін Солтүстік Корея лидерінің соңғы жолдауындағы қатты ашуы мен әшкере дұшпандығы деп атап: «Бұл кезең кездесуге лайық уақыт емес»,- деп жазды. АҚШ Президенті хатында өз елінің ядролық құдыреті туралы да айтты.

Трамп осыдан 10 күн бұрын кездесудің өтетін күні мен мекені туралы жарияланған жағдайда оның өтпейтінін жариялап отыр. Кездесудің өтпейтіні Солтүстік Корея бейсенбі күні өз уәдесі бойынша ядролық  сынақ өтетін Punggye-ri нысанын қиратқан кезде жарияланды.