АҚХА Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін тағы қуаттады
(last modified Fri, 25 May 2018 13:25:11 GMT )
Maм 25, 2018 19:25 Asia/Almaty
  • АҚХА Иранның

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның тұрақты өкілі Наджафи Агенттіктің жаңа мәлімдемесінің Иранның барлық ядролық жұмыстарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына толығымен сәйкес келетінін растағанын мәлімдеді.

Реза Наджафи ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Агенттіктің бұл мәлімдемесі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуының басталғанынан бергі 11-ші, Басқармалар кеңесіне тапсырған 10-шы мәлімдемесі саналады. Бұл мәлімдеме де бұрынғы мәлімдемелер сынды Хандаб ауыр су зерттеу реакторын заманауиландыру, Теһран зерттеу реакторының жұмыстары мен Иранның жариялаған ұзақ мерзімді бағдарламасының басқа бөлімдерінің жалғасуы мен техникалық өзгерістер көрсетілген.

Бұл мәлімдеме Агенттіктің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы соңғы мәлімдеме емес. Алайда еуропалықтар оған қажет кепілдік бере алмаса, бұл АҚХА Бас директорының мұндай түрде жазылған соңғы құжаты болады.

АҚХА-ның Басқармалар кеңесі маусым айының 4-8 күндері өтетін кезеңдік отырысында әртүрлі тақырыптарды, соның ішінде осы мәлімдемені талқылайды.