АҚШ Израильдің Палестина халқына қарсы жасап жатқан қылмыстарына ортақтас
https://itolqyn.com/news/world-i37276-АҚШ_Израильдің_Палестина_халқына_қарсы_жасап_жатқан_қылмыстарына_ортақтас
Палестинаның зорлық-зомбылық көріп жатқанын жар салып жариялайтын жəне əлемнің бала өлтіргіш сионистік режимге жиреніш білдіретін Дүниежүзілік Құдс күніне жақындап қалдық. Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні АҚШ-тың жаңа қастандығымен Палестинаның ескі жарасы қайта қансыраған кезде өтейін деп тұр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 26, 2018 14:53 Asia/Almaty
  • АҚШ Израильдің Палестина халқына қарсы жасап жатқан қылмыстарына ортақтас

Палестинаның зорлық-зомбылық көріп жатқанын жар салып жариялайтын жəне əлемнің бала өлтіргіш сионистік режимге жиреніш білдіретін Дүниежүзілік Құдс күніне жақындап қалдық. Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні АҚШ-тың жаңа қастандығымен Палестинаның ескі жарасы қайта қансыраған кезде өтейін деп тұр.

АҚШ елшілігінің Бейт ул-Мұқаддасқа көшірілуі биылғы Дүниежүзілік Құдс күнін қылмыскер АҚШ-қа жиреніш білдіретін жерге айналдырды.

АҚШ-тың шарасы шын мәнінде сионистік режимнің Құдсты басып алу тізбегінің бір бөлігін толықтырды. Бұл шешімнің аймақ пен әлем үшін қатерлі салдарлары болады.

Палестина елі сионистердің басқыншылығына ұшырап,  Бейт ул-Мұқаддастың 1967 жылдан бері Израильдің қол астында келе жатқанына 70 болды.

Палестинаны басып алған жылдар барысында бұл елдің халқының бірқатары босып кетті, біразы басып алынған жерлерде кемсітушілік пен ауыр қоқан-лоққыларға ұшырап жатыр, тағы бірқатары Газа секторында жан-жақты қоршауға алынған. Осындай жағдайда АҚШ-тың аймақ халықтарына, әсіресе Палестинаның жапа шеккен халқына берген жолдауы басқыншыны қолдау, Құдсты Израильдің  астанасы деп жариялау арқылы осы басқыншылықты растау болды.

Құдс Ислам болмысының маңызды бөлшегі, Палестина жерінің жүрегі болып табылады. Осы тұрғыдан Құдс оқиғасы жерді жаулап алудан әлдеқайда жоғары. Сондықтан бір ислам мемлекеті ретіндегі Палестина мәселесі болып табылады.  Өткенге көз салғанда сионистік режимнің АҚШ-тың қолдауымен Құдсты толық жаулап алу үшін көптеген шаралар арқылы, соның ішінде негізгі тұрғындарды қуып шығу, мал-мүлікті тартып алу, Бейт ул-Мұқаддастағы халық құрамын өзгерту мақсатында қалашық тұрғындарын алмастыру, исламның қасиетті орындары мен ескерткіштерін қирату, әл-Ақса мешітіне әсірешіл қалашық тұрғындарының кіруіне жағдай жасау арқылы осы қасиетті орынға баса-көктеп кіріп, қорлауды өзінің күн тәртібіне қойғанын көруге болады. Бейт ул-Мұқаддас исламның үш қасиетті жерінің бірі саналатын жағдайда АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру халықаралық ережелер мен қарарларды, соның ішінде 1980 жылғы №478 және 2016 жылғы №2334 қарарларды бұзды.

АҚШ-тың бұл қастандығының екі негізгі мақсаты бар: біріншісі – аймақты бөлшектеу жобасы жеңіліс тапқаннан кейін Таяу Шығыс теңгеріміне өзгеріс енгізу. Бұл жоба ДАИШ жеңіліс тауып, Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасау саясаты тығырыққа тірелгеннен кейін іс жүзінде сәтсіздікке ұшырады; екіншісі – Ливан пен Палестинадағы қарсыласу қозғалыстарын Израильмен текетіресу үдерісінен шығаруға жағдай жасап, Израильдің  Палестинаға қатысты көңілін тыныштандыру.

Шындық мынада: АҚШ Израильдің қылмыстарына ортақтас. Қазіргі таңда  АҚШ Палестинадан түк қалмауы үшін  осы елдің жүрегі әрі оның негізгі болмысы, яғни Құдсты нысанаға алған қастандықты орындай бастады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өзінің бір баяндамасында Палестинаны қорғауды баршаның міндеті деп атап: "Сионистік режиммен күресудің пайдасы жоқ деп ойламау керек. Алланың рақымы және рұқсатымен қарсыласу қозғалыстары бұрынғы жылдармен салыстырғанда нығая түскендей сионистік режимге қарсы талпыныстар да нәтиже береді",-деп қуаттады.