Зариф еуропалықтардан «Ортақ қадам» келісімі бойынша көбірек іс жүзіндегі әрекеттерге көшуді сұрады
Иран СІМ Еуропа Одағының тежегіш ережелерін жүзеге асыру үдерісінің басталғанын хабарлап, еуропалықтардың «Ортақ қадам» келісімі бойынша іс жүзіндегі әрекеттерге көшуі қажеттігін баса айтты.
Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф сенбі күні IRNA хабар агенттігіне берген сұхбатта Еуропаның «Ортақ қадам» келісіміндегі Иранның мүдделерін қамтамасыз етуге кепілдік беруі қажет екендігі туралы айтқан сөзінде: «Иран мен Еуропа Одағының отырысынан кейін орын алған оқиға саяси декларацияның жариялануы мен осы салада шешім қабылдаған Еуропа басшыларының отырысының өткізілуі болды.
Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини өзінің мәлімдемесінде сілтеме жасаған 9 бапты жүзеге асыру үшін Иран келіссөздер өткізіп жатыр» деді.
«Ортақ қадам» келісімінің бірлескен комиссиясының отырысы кеше жұма күні Иран, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай және Ресей елдерінің өкілдері мен Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы орынбасарының қатысуымен Венада өтті.