Америкалық соғыс ардагерлері Ақ үйдің алдында наразылық білдірді
Maм 27, 2018 23:21 Asia/Almaty
Америкалық соғыс ардагерлері медициналық саясаттар мен ардагерлердің өздеріне қол жұмсау жайттарының күнделікті артуына наразылық білдіріп, Ақ үй мен Ардагерлердің істері жөніндегі министрліктің алдына жиналды.
АҚШ-тың ардагерлері басында Ақ үйдің алдындағы Лафайет саябағында жиналып, соғысқа қарсы бірнеше белсенді сөз сөйледі. Наразылықтарының жалғасында шерушілер Ардагерлер істері жөніндегі министрлікке қарай жүріп, соның ғимаратының алдында жиналды.
Шерушілер Ауғанстан мен Ирак соғыстарына қатысқан 22 америкалық әскеридің өздеріне қол жұмсағанына тоқталып, америкалық ардагерлерді емдеу үшін химиялық дәрілер мен дәстүрлі емді пайдалануды тоқтатуды талап етті.
Тегтер