Ирандық футболист Ресейдегі әлемдік чемпионаттың "Азия құбылысы" аталған бес футболистің қатарына енді
Азия Футбол Конфедерациясы (AFC) Иранның ұлттық командасының шабуылшысы Сардар Азмунды биылғы 2018-ші жылғы әлемдік чемпионатта жарқыраған мұрсатқа ие Азия құрлығының бес футболисінің бірі ретінде таныстырды.
Азия Футбол Конфедерациясының ресми сайты "Әлемдік кубок – 2018" жарыстарына қатысатын Азияның үздік бес футболисін таныстырып: "Кәсіпқойлық кезеңін Ресейде өткізген Сардар Азмун үшін әлемдік чемпионат өз үйінде өтетін турнир сынды. Еуропалық клубтардың Сардар Азмунды өздеріне шақырудың артуына назар аударып, биылғы жазды бұл шабуылшының Ресейдегі соңғы жазы болуы мүмкін деп топшылауға болады",- деп мәлімдеді.
Осы мәлімдеме бойынша, Австралия командасынан Массимо Луонго, Сауд Арабиясының Фахад әл-Муваллад, Оңтүстік Кореяның Ли Чже Сон және Жапонияның Такума Асано биылғы Ресейде өтетін футбол әлем кубогына қатысатын Азияның келесі төрт құбылысы саналады.
Бұдан бұрын World Soccer басылымы "Әлем кубогі - 2018" ойындарына қатысатын жас жұлдыздарды таныстыруымен бірге ирандық футболист Сардар Азмунды үздік футболист ретінде атаған болатын.
Әлемдік кубок – 2018 жылдың маусым айының 14 мен шілденің 15 аралығында Ресейде өтеді. Онда Иранның командасы Испания, Португалия және Марокко командаларымен ойнайды.