ДАИШ Сирияның Дейр уз-Зур облысында химиялық шабуыл жасады
(last modified Tue, 05 Apr 2016 09:26:26 GMT )
Сәу 05, 2016 15:26 Asia/Almaty
  • ДАИШ Сирияның Дейр уз-Зур облысында химиялық шабуыл жасады

ДАИШ лаңкестері Сирияның Дейр уз-Зур облысында химиялық қарумен шабуыл жасады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ДАИШ лаңкестік тобы сейсенбі күні таңертең Сирияның Дейр уз-Зур облысының оңтүстігінде қыша газын пайдаланып, осы ел армиясының бір әуе базасына шабуыл жасап, бірнеше адамды жаралады. Шабуылдың құрбандары туралы ақпарат жарияланған жоқ. ДАИШ шабуылы Дейр уз-Зур қаласының оңтүстігіндегі әуежайды басып алу үшін жасалған көрінеді.

Дейр уз-Зур облысы – Сириядағы стратегиялық аймақ. Бұл облыс Сирияның солтүстік-шығысындағы ДАИШ-тың негізгі орталығы болып табылатын Ракка облысын осы лаңкестік топтың Ирактағы мүшелерімен байланыстырады. Сирия армиясы мен халықтық күштерінің өткен бірнеше айдағы жеңістері ДАИШ лаңкестерінің Сириядағы өз қылмыстарын одан ары үдетуге себеп болды. Сирияның әртүрлі лаңкестік топтардың қимыл-әрекеттерінің сахнасына айналып отырғанына бес жыл болды.