Ресей Сириядағы Американың құзырын жалғастыруына қарсылық білдірді
(last modified Mon, 28 May 2018 16:21:14 GMT )
Maм 28, 2018 22:21 Asia/Almaty
  • Ресей Сириядағы Американың құзырын жалғастыруына қарсылық білдірді

Ресей Сыртқы Істер Министрі Мәскеудің Американың Сириядағы әскери құзырын жалғастыруына қарсы екенін мәлімдеді.

ТАСС хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ Сергей Лавров бүгін дүйсенбі күні америкалық әскерилердің Сирияның ат-Танф аймағындағы құзырын жалғастыруы үшін ешқандай себептің жоқ екендігін айтып: «Бұл аймақ (америкалық күштердің ат-Танф аймағындағы әскери диапазоны) ат-Танфтың айналасында жасанды түрде және әскери қисын тұрғысынан қабылданбайтын себептер бойынша құрылды. Қазір ДАИШ тобымен байланысты лаңкестік топтар ат-Танф пен америкалық күштердің бақылауындағы аймақта белсенділіктерін арттырып отыр» деді.

Ресей СІМ-нің айтуы бойынша ат-Танф аймағының жағдайы Ресей мен Американың Сирияның оңтүстігіндегі шиеленісті азайту туралы келісімімен сәйкеспейді.

Ат-Танф – Сирия даласындағы «Сирия-Ирак-Иордания» үштігі шекарасында орналасқан аймақ.