Зариф: Үндістан АҚШ-тың біржақты санкцияларын қолдамайды
ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Үндістан Сыртқы істер министрі Сушма Свараджбен Нью-Делиде кездескен соң, Үндістанның АҚШ-тың біржақты санкцияларын қолдамайтынын жариялағанын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Иран мен Үндістанның жан-жақты қарым-қатынастарын жалғастыру әрі кеңейту шешіміне тоқталып: "Бұл кездесуде мұнай мұнай барлау және бірлескен мұнай жобалары, екі ел арасындағы тікелей сауда ынтымақтастығы, валюта айырбастау, ұлттық валюталарды пайдалану, Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар порты, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі және екі ел арасындағы транзиттік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды",- деп хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрі Үндістан сапарының нәтижесіне ризашылығын білдіріп, халықаралық қауымдастықтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға қатысты мүдделігін мәлім етті. Зариф Иранның сауда серіктестерінің бұл жолды жалғастыруы қажет екенін қуаттап: "Егер Иран өз серіктестерінен қажет кепілдік алса, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жалғасады",- деді.