Ресей Украинадағы ресейлік журналистің өлімін тез арада зерттеуді талап етті
Ресей Украинадағы ресейлік журналистің өлімін тез арада зерттеуді талап етті.
Синь-Хуа ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Украина басшыларынан Аркадий Бабченконың өлімі туралы зерттеу жүргізуде еш талпыныстан аянбауды сұрады.
Бұл мәлімдемедеде Украинада қоғамдық ақпарат құралдары қызметкерлерінің өлімі мен оларға қарсы қорлықтың артуы, бірақ қылмыскерлердің жазаланбайтыны айтылды. Ресей Сыртқы істер министрлігі қаза болған журналистің туыстары мен жақындарына Мәскеудің көңіл айтқан жолдауын жіберді.
Сейсенбі күні Аркадий Бабченко Киевтегі өз үйінде отырған кезде нысанаға алынды. Бірақ ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды.
Аркадий Бабченко – 1993-1996 және 1999-2000 ж.ж. Шешенстандағы екі соғыста болған Ресейдің танымал әскери журналисі.